Текст
2023 жылдың 13 мамырында «Төрт тоқсан-төрт өнер» тұжырымдамасы аясында Шортанды орта мектебінің аумағында «Жасыл мекен» шақырылымы – көшет отырғызу басталды.
Экологиялық науқанның міндеті қоғамда табиғатқа деген құрметті көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Ағаш отырғызу кезінде «Константинов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі Шедербеков Қайрат Айтмағамбетұлы, ардагерлер кеңесінің басшысы Шабовто Валентина, 9-сынып түлектері және ұстаздар қауымы ағаш отырғызуға қатысты. Раушан көшеттері мен басқа да гүлдер отырғызылды.