«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім  бәлімі Шортанды ауылының негізгі  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Шортанды отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік медиа

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары

бұйрығына  4-қосымша

 

 

                  

 

Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымша

 

   нысан

     

 

Тауарларды жеткізушіні таңдау өлшемшарттары

 

Өлшемшарттар

 

Балдар

1.

Конкурстың мәні болып табылатын тауар нарығындағы соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесі

Әр 12 айға 1 балдан, бірақ 5 балдан аспайды

 

2.

Конкурстың (лоттың) мәні болып табылатын отандық тауарды өндірушінің мәртебесін растайтын құжаттың болуы

 

 

Жоқ (0 балл)

Бар (3 балл)

 

3.

Азық-түлікті арнайы автокөлікпен жеткізу шарттары (3 балдан аспайды)

Жалдап алу, өтеусіз пайдалану, лизинг және басқа шарттар негізінде көліктің болуы
(2 балл)

Жеке көлігінің болуы
(3 балл)

 

4.

Конкурс өткізілетін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында әлеуетті өнім берушінің тіркелуінің болуы (2 балдан аспайды)

Жоқ
(0 балл)

Бар
(2 балл)

 

 

Ескертпе:

 

–  1-тармақ бойынша ағымдағы жылдың алдындағы соңғы 5 жылдағы жұмыс тәжірибесінің болуы тауарларды жеткізу кезеңі, осы шарттарды орындаудың соңғы айы үшін тауарларды қабылдау-тапсыру актілері көрсетіле отырып, бұрын жасалған шарттардың көшірмелерімен расталады.

           Бұл ретте бір кезең ішінде тауарларды бір мезгілде бірнеше ұйымға (бірнеше тапсырыс берушіге) жеткізу кезінде деректер жинақталмайды;

– 2-тармақ бойынша әлеуетті өнім беруші біріктірілген лотқа қатысқан жағдайда, әлеуетті өнім беруші - отандық тауар өндіруші ерікті түрде сертификатт(ард)ы ұсынған кезде балдар осы лот тауарларының кемінде 20%- ына (жиырма пайызына) қойылады.

           Бұл ретте бір кезең ішінде тауарларды бір мезгілде бірнеше ұйымға (бірнеше тапсырыс берушіге) жеткізу кезінде деректер жинақталмайды;

– 3-тармақ бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен  бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22066 болып тіркелген) талаптарына сәйкес мамандандырылған көліктің бар болуына арналған құжаттар, әлеуетті өнім беруші автокөліктің мамандандырылған автокөлікке қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын әулетті өнім берушінің қолымен куәландырылған анықтама (автокөліктің техникалық сипаттамаларын, автокөлікке техникалық паспорттың мәліметтерін (№, берілген күні, автокөліктің маркасы, автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірі, иесі) ұсынылған кезде тиісті балл қойылады;

            – 4-тармақ бойынша конкурс өткізілетін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында қызметін растайтын өткен жылдың алдыңғы кезеңі үшін салық есептілігі ұсынылған жағдайда тиісті балдар қойылады.

 

 

 

Жаңартылған күні: 14.09.2022 22:59
Құрылған күні: 14.09.2022 22:59

Текст