«Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
|
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында:
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) құжаттың электронды көшірмесі – түпнұсқа құжаттың түрі мен ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық күйге келтіретін құжат;»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін енгізеді.»;
20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма.
Көрсетілетін қызметті берушіні таңдау кезінде өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырмаға:
– «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес келетін тағамдардың атауын, тағам порциясының граммен, тағам ингредиенттерімен (граммен) массасын, бағалар мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорына, статистика жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес бірлік үшін орташа баға ескеріле отырып тағамдар мен өнімдердің бағасын көрсете отырып, білім беру органы бекіткен перспективалық тарату-мәзірі;
– бағалар мемлекеттік сатып алу веб-порталында тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорына, статистика жүргізу жөніндегі уәкілетті органның мәліметтеріне сәйкес бірлік үшін орташа баға ескеріле отырып тағамдар мен өнімдердің бағасын көрсете отырып, тапсырыс беруші бекіткен тағамдардың, буфет өнімдерінің, оның ішінде шырындардың, сусындардың және басқаларының ассортименттік тізбесі;
– тағамдардың технологиялық карталары қоса беріледі.»;
21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Егер тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау жөніндегі конкурсты ұйымдастырушы білім беру ұйымы болып табылған жағдайда, конкурс лоттарға бөлінбей өткізіледі (1 білім беру ұйымы – 1 өнім беруші).»;
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі кезеңде веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы орналастырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы хабарландыру орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күнінің мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні мен бекітілген конкурстық құжаттама мәтіні орналастырылған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.»;
43-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымшаға сәйкес жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға техникалық тапсырма
Қызмет берушіні таңдау кезінде техникалық тапсырмаға өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға конкурсты ұйымдастырушының перспективалық тарату-мәзірі, тағамдардың, буфет өнімдерінің ассортименттік тізбесі, тағамдардың технологиялық карталары қоса беріледі. »;
67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Конкурс өткізілмеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасаған кезде, конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыруды орналастыру шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұрады.»;
69-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын
«Өнім беруші шарттың қолданылу мерзімін ұзартудан бас тартқан, өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болған, шарт жасасудан бас тартқан немесе алдыңғы конкурста кезектілік тәртібімен екінші, үшінші, төртінші және тағы басқа орын алған әлеуетті өнім беруші болмаған жағдайда, конкурсты ұйымдастырушы тапсырыс беруші тамақтандыруды ұйымдастыру немесе біліктілік талаптарына сәйкес келетін және білім беру ұйымдарында кемінде 2 жыл қызмет көрсету, тауар жеткізу бойынша тәжірибесі бар тауарларды жеткізу жөнінде қызметтер көрсететін өнім берушіні тарту туралы шешім қабылдайды.»;
80-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына бағаның өзгеруі бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ағымдағы кезеңге арналған инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілетін қызметтерге (1 білім алушыға арналған тамақтану) және (немесе) тауарларға орташа баға шегінде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қолданыстағы шартқа конкурстық рәсімдер өткізілместен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.»;
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«84. Көрсетілетін қызметті жеткізуші жалға алу шартын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аумақтық органдарға объектінің қызметіне рұқсат беру құжаттарын алу үшін өтініш жібереді және білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге дейін «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Деңсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 тіркелген) 290-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.»;
мынадай мазмұндағы 107-1-тармақпен толықтырсын:
«107-1. Тағамдарды, буфет өнімдерін, сусындарды, шөлмектегі суды өткізу конкурстық құжаттаманың техникалық тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
108-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«108. Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде білім алушылардың білім беру жүйесімен интеграцияланған ақпараттық платформаға не білім беру жүйесіне бақылау - кассалық құрылғылардан деректерді тіркеу және беру функциясы бар мектеп асханасына баруын есепке алу жүзеге асырылады.
Платформада (жүйеде) күн сайын бағасы көрсетілген мәзір, тағамдар фотосуреті орналастырылады, мектеп асханасында білім алушылардың тамақтануы туралы ата-аналарды автоматты түрде хабардар ету, білім алушылар мен олардың ата-аналарының қызметтер сапасын, ас мәзірінің сәйкестігін бағалау жөніндегі функционал көзделеді.»;
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін енгізеді.»;
136-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«136. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі кезеңде веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы орналастырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы хабарландыру орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күнінің мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.»;
175-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«175. Конкурс өткізілмеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасаған кезде, конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыруды орналастыру шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұрады.»;
188-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Тауарларды сатып алу жоспарына бағаның өзгеруі бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ағымдағы кезеңге арналған инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталындағы тауарлардың орташа бағасы шегінде жүзеге асырылады.
Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қолданыстағы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурстық рәсімдер өткізілмей енгізіледі.»;
213-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«213. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін енгізеді.»;
226-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«226. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі кезеңде веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы орналастырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы хабарландыру орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күнінің мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.»;
265-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«265. Конкурс өткізілмеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасаған кезде, конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыруды орналастыру шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұрады.»;
278-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Тауарларды сатып алу жоспарына бағаның өзгеруі бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ағымдағы кезеңге арналған инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталындағы тауарлардың орташа бағасы шегінде жүзеге асырылады.
Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қолданыстағы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурстық рәсімдер өткізілмей енгізіледі.»;
303-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«303. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына келісім бойынша веб-порталда тіркелген жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін енгізеді.»;
316-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«316. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі кезеңде веб-порталда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы орналастырады.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы хабарландыру орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынуының соңғы күнінің мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін және бекітілген конкурстық құжаттаманың мәтінін орналастырған күннен бастап кемінде күнтізбелік он бес күнді құрайды.»;
355-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«355. Конкурс өткізілмеді деп танылған кезде конкурсты ұйымдастырушы осы Қағидалардың 30-тармағына сәйкес конкурсты қайта өткізу туралы хабарлайды.
Әлеуетті өнім беруші тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, конкурстық комиссияның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне конкурс қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға шағым жасаған кезде, конкурсты қайта өткізу туралы хабарландыруды орналастыру шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтата тұрады.»;
368-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Тауарларды сатып алу жоспарына бағаның өзгеруі бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ағымдағы кезеңге арналған инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталындағы тауарлардың орташа бағасы шегінде жүзеге асырылады.
Тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қолданыстағы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар конкурстық рәсімдер өткізілмей енгізіледі»;
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 6- қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 7-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазылсын.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметті немесе тауарларды жеткізушіні, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жазылсын.
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі А. Аймағамбетов