5-9 сыныптары арасында
қазақ тілі пәнінен "Білімділер
"атты сайысы
Мақсаты: оқушылардың
мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру, Отанын, туған жерін, елін сүюге,
халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: рәміздер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл, дұрысы –
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
тіл сайысымызды тілдер апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз –
басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар
теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға қызығушылықтарын арттыру.
Бүгінгі сайысымыз мынандай кезеңдерден тұрады:
1. Таныстыру.
2. Дода.
3. «Сөз мәйегі – мақал»
4. «Кім жылдам?»
5. «Сен білесің бе?»
6. «Ойлан, тап» ойыны.
7. «Иә, жоқ» ойыны
8. «Тұлғаны
таны» ойыны
Әр жүргізілген
кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады. Әділқазыларды сайлап алайық.
Сайысқа бес адамнан құралған екі топ қатысады.
«Сайысымздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық», - деп, кезекті сайысқа қатысушы топтарға
берейік.
І кезең.
Таныстыру.
І топ: «Көгершіндер».
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын,
Тобымыз біздің – «Жас ұлан».
ІІ топ: «Қырандар».
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің – «Топжарған».
ІІ кезең. «Дода».
Бұл кезеңде әр топқа 20 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс
әрі жылдам жауап берулері керек.
І топқа.
1.Қазақстан
қандай мемлекет?
2.Көктем
мезгілінде қандай мерекелер бар?
3.Қазақ
әліпбиінде неше әріп бар?
4.ҚР-ның
мемлекеттік тілі?
5.Абайды әлемге
танытқан кім?
6.Қыста не жауады?
7.Ең сұлу құс?
8.Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?
9.Қазақстанның туының
түсі қандай?
10.Күздің бірінші айын атаңдар?
11.Қазақстанда неше қорық бар?
12.Әнұранның авторларын ата.
13.Наурызда пісірілетін басты тағам?
14.Тұрлаулы мүшеге не жатады?
15.Біздің мектептің директоры кім?
16.ҚР-сы неше елмен шектеседі?
17.Елтаңбаның авторы кімдер?
18.Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
19.Сөйлем неден құралады?
20.Бір тәулікте неше сағат бар?
ІІ топқа.
1.ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?
2.Абай Құнанбайұлы кім?
3.Халық ауыз әдебиеті қалай дамыған?
4.Жүз жасаған ақын?
5.Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
6.Қыс айларын ата.
7.Зере Абайға кім болады?
8.Құс патшасы.
9.Біздің мектеп директорының аты-жөні кім?
10.Мұхтарды әлемге танытқан кім?
11.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата.
12.Дыбыстар нешеге бөлінеді?
13.Абайдың неше қарасөзі бар?
14.Тұрлаусыз мүшелерді ата.
15.Тудың авторы кім?
16.Шоқан Уәлихановтың шын аты кім?
17.Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?
18.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
19.Бір жылда неше күн бар?
20.ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?
ІІІ кезең. «Сөз мәйегі – мақал».
Әр топ Отан, тіл, достық туралы мақалдардың жалғасын тауып жалғастырады.
І топ – «Көгершіндер».
1.Туған жердей жер болмас, .... (туған елдей ел болмас)
2.Шешеннің тілі - ....(шебердің сөзі)
3.Досы көпті жау алмайды,.... (ақылы көпті дау алмайды)
4.Отан оттан да .... (ыстық)
5.Ер жігіт ел үшін туады,...(ел үшін өледі)
ІІ топ – «Қырандар».
1.Отансыз адам, .... (ормансыз бұлбұл)
2.Ер елінде, .... (гүл жерінде)
3.Туған жердің күні де ыстық,.... (түні де ыстық)
4.Өзге тілдің бәрін біл,.... (өз тіліңді құрметте)
5.Туған үйдің түтіні жылы,.... (туған ананың күтімі жылы)
ІҮ кезең. «Кім жылдам?»
Берілген шашыраңқы сөздерден дұрыс сөйлем құрау қажет.
І топ. Бейнеленген, қанатты, жағында, екі, елтаңбаның, пырақтар.
(Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақтар бейнеленген).
ІІ топ. Біздің, білдіреді, шаңырақ, біртұтастығын,Отанымыздың.
(Шаңырақ біздің Отанымыздың біртұтастығын білдіреді).
Ү кезең. «Сен
білесің бе?»
Тақтада берілген алты ұяшықта сұрақтар мен тапсырмалар бар. Берілген тапсырмаларды ойланып, дұрыс жауап берейік.
5 а |
10 а |
15 б |
15 а |
10 б |
5 б |
Сұрақтары:
5а – Қазақтың үш биін ата.
5б – Наурыз көже қалай жасалады?
10а – «Мектеп» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
10б – «Оқушы» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
15б – Бір өлеңді жатқа айт.
15а – Бір ережені жатқа айт.
ҮІ кезең. «Ойлан, тап».
Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей «Қарлығаштар» сөзі беріледі. Осы сөздің
ішіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастыру.
(Қар, қарлы, тар, ағаш, ақтар, ғашық, ара, аш, ақ, қаш т.б.)
ҮІ. «Иә жоқ»
ойыны
1. Шешендік сөз
дипломатия тәсілі ме? (иә)
2. Тоныкөктің Білге
қағанға туыстығы бар ма? (иә, қайынатасы)
3. Сөздің мағынасы
сөздің сыртқы мазмұнын бере ме? (жоқ, ішкі мазмұн)
4. Ауыз әдебиетінде
синтаксистік, лексикалық қайталаулар кездесе ме? (иә)
5. Дулат ақын
Жәңгір ханмен кездескен бе? (жоқ)
6. Тұрақты тіркес
құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бере ме? (жоқ)
7. Одағайдан
баяндауыш жасала ма?(жоқ)
8. Махамбеттің 200
жылдық мерейтойы ЮНЕСКО ауқымында тойланды ма? (иә)
9. Абай Ахмет-Ризаның медреселерінде оқыған ба?
(иә)
10. Білге құлпытасы Қырғызстаннан табылған ба?
(жоқ, Моңғолиялағы Орхон өзенінің бойы)
ҮІІ. «Тұлғаны таны» ойыны
1. Жүз жасаған ақын? (Жамбыл)
2. Құрманғазы Сағырбайұлы кім? (күйші)
3. Құрманғазының шәкірті? (Дина Нұрпейісова)
4. Ұлттық ғылым Академиясының академигі?
5. Шоқанның Қашқарияға сапары? (1858-1859)
6. Абай Құнанбайұлының туған жері. (Семей)
7. Семейде туған 3 кемеңгер. (Абай, Шәкәрім,
Мұхтар)
8. Қазақтың әлемге әйгілі балуаны? (Қажымұқан)
9. Екі мәрте Кеңес Одағының батыры – ұшқыш.
(Т.Бигельдинов)
10. Жауынгер – жазушы, батыр. (Б.Момышұлы)
11. Шығыстың қос жұлдызы. (Әлия, Мәншүк)
12. Тұңғыш ағартушы – педагог. (Ы.Алтынсарин)
13. Қазақ Тіл білімінің атасы – основоположник
казахского языка. (А.Байтұрсынов)
14. 1836-1837 жылдары көтеріліс басшылары.
(Исатай, Махамбет)
15. Абайдың әжесі, анасы. (Зере, Ұлжан)
Қорытынды:
(Сайыс қорытындысы шығарылады және сыйлықтар беріледі).
Қадірменді ұстаздар
мен оқушылар және сайыскерлер осымен сайысымыз аяқталды. Баршыңызға сәттілік
тілеймін!