Мемлекет басшысы Білім министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады. Елбасына өткен жылдың қорытындылары мен 2026 жылға арналған міндеттер таныстырылды. Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, жаңа Конституция құндылықтарын насихаттау мақсатында оқу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. «Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық білім беру стандарттары әзірленуде. Мектептерде де «Адал азамат» атты бірыңғай білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда.